2016 жылы қазақ әскері ауқымды жаттығулар өткізуді жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы қазақ әскері ауқымды жаттығулар өткізуді жалғастырады

12.01.2016
2016  жылы қазақ әскері  ауқымды  жаттығулар өткізуді жалғастырады
2016  жылы қазақ әскері  ауқымды  жаттығулар өткізуді жалғастырады

Қарулы күштердің әскери дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру өмір талабына айналды. Сондықтан, 2016 жылы Қарулы күштерде түрлі деңгейде бірқатар жаттығулар өткізу көзделіп отыр. Олардың алғашқысы қаңтардың 9 күні өтті.

Әскерді жоғары деңгейдегі әскери әзірлік сатысына келтіру армияның даярлығыны көрінісі болып есептеледі. Қаңтардың басында өткізілген осындай жаттығуға Қарулы күштердің барлық түрлері қатысты. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары, Құрлық әскерлері Бас штабының батысығы генерал-майор Әділбек Алдабергенов жыл басында өткізілген жаттыуға 40 мыңнан астам сарбаз, 1500 техника мен қару-жарақ қатыстырылғанын айтады. Ал, 2016 жылы Құрлық әскерлері «Шығыс», «Астана» аймақтық қолбасшылықтары, Аэромобильді әскерлер бөлімдерімен бірігіп «Айбалта-2016» жаттығуын өткізуді жоспарлап отырған көрінеді. Яғни, түрлі әскер түрлерінің бірлескен жаттығулары биыл да жалғасады деген сөз.

Қаңтардың 9 күні аяқ астынан әскери дабыл арқылы жоғары әзірілк сатысына келтірілген күштердің қатарында Әуе қорғанысы, Әскери теңіз күштерінің жауынгерлері де болған. Жаттығу кезінде ұшқыштар мен әуе қорғанысы күштерінің барлық бөлімшелері дайындықтарын пысықтаса, Әскери теңіз күштерінің кемелері бірден айдынға шыққаны бар. 2016 жылы мұндай үлгідегі жаттығыулар саны мол болмақ. Ал, Әскери теңіз күштеріне жаңа кемелер берілетіндігі жөнінде де ақпарат бар
.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу