Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды

19.12.2015
Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды
Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды

Алматы халықаралық әуежайына әлемдегі ең ірі Ан-225 «Мрия» ұшағы қонды. Бұл туралы блогер Елена Сергиенко өзінің Yvision.kz-тегі блогында жазды. Сонымен бірге ол ұшақтың фотосын да жариялаған.

«Менің білуімше, елімізде мұндай алып ұшақты қабылдауға тек Алматы әуежайында ғана мүмкіндік бар. Себебі, бұл әуежай Кеңес одағы кезінде «Буран» жобасы үшін қосалқы әуежай ретінде салынған деседі. Ал, 2011 жылы әуежай ICAO-ның IIIB категориясын алған. Бұл дегеніңіз әуежай ауа-райының қолайсыздығы үшін ешқашан жабылмайтындығын білдіреді. Егер ұшақтың ұшуы кешіктірілсе немесе келген ұшақ екінші рет айналып келіп қонуға мәжбүр болса, онда оның себебі ұшқыштың қолайсыз метеорологиялық жағдайда ұшақ қондыруға рұқсатының болу немесе болмауына байланысты. Яғни, ұшқыштың біліктілігіне қатысты мәселе бұл. Ал, әуежайдың техникалық мүмкіндіктері кез келген ұшақты қондыруға немесе ұшыруға жарайды» деп жазды Елена Сергиенко.
Алматы әуежайына әлемдегі ең үлкен ұшақ қонды

Сонымен бірге ол «Мрия» ұшағының әуежайға қонған соң, тұмсық жағын көтеріп, одан арнайы көлік түсіргенін жазды. Өйткені, бұл көлік ұшақты тиісті тұраққа дейін сүйретіп апаруы тиіс. Алайда, мұндай қуатты көлік ешбір әуежайда жоқ. Сол себепті, оны «Мрия» өзі алып келеді екен. Ал, Ан-225 осымен Алматы әуежайына екінші рет қонып отыр.

Жалпы, Ан-225 «Мрия» аса ауыр жүктерді тасымаладуға арналған реактивті траспорттық ұшақ. Оны О.К.Антонов атындағы конструкторлық бюроның мамандары жобалаған. Әлемде бұдан үлкен ұшақ жоқ. Ұшақ 1984-1988 жылдары Киев механика зауытында құрастырылған болатын. Әу баста «Буран» ғарыштық жобасы үшін әзірленген ұшақ кейін азаматтық мақсатқа қолдалына бастады. Ұшақ сағатына 850 шақырым жылдамдықпен ұша алады.


kaznews.kaztrk.kz
фото Yvision.kz/yelenasergiyenko блогынан алынды

Хабарламаларға жазылу