Заң үстемдігі – әділдік кепілі
Қоғам белсенділерінің пікірінше, заң үстемдік құрмай, ешқандай өркендеу болмайды. Ал жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің дамуына кедергі. Экономиканы тежейді, сенімге селкеу түсіреді. Сондықтан заң бәріне ортақ болуы тиіс.
Ермек Келемсейіт, Жетісу облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Заңның алдында бәріміз бірдей екенімізді біз мойындауымыз керек. Жаңадан қызметке ілініп келе жатқан адамдар жаңа бағытта халыққа адал қызмет істеу жолына түседі деген ойдамыз.
Жандар Асан, коммуникация және медиа маманы:
Жаны таза, ізгі, ешқандай да бір құқық бұзушылыққа немесе заңды бұзуға мүмкіндігі бермейді. Заң мен тәртіп үстемдік етпеген жерде ешқандай да бір мемлекеттік үлкен мүдделер, жоспарлар іске аспайды. Мінекей, сондықтан да Мемлекет басшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев заң мен тәртіптің үстемдік құруына үлкен басымдық беріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы