Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған қызметінің негізгі нәтижелері баяндалып, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа терроризммен, экстремизммен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес аясындағы қолға алынған шаралар жөнінде де есеп берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ кибер және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік органы қызметінің бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Жаңа Азаматтық кодекс – құқықтық жүйені жаңғыртудың негізі
13.11.2026, 20:01
Cпортшылар қандай кітап оқиды?
13.11.2026, 17:28
Артық салмақ миды тез қартайтады
13.11.2026, 17:27
Алматы облысының жастары қоғамдық жауапкершілікті талқылады
13.11.2026, 17:25