Жаңа Азаматтық кодекс – құқықтық жүйені жаңғыртудың негізі
Жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу барысында жекелеген құқықтық нормаларды жаңартып қана қоймай, азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі қағидаттарын жетілдіруге де басымдық берілуі тиіс. Заңгерлер осындай пікірде. Олардың қатарында тараптардың теңдігі, меншікке қол сұқпаушылық, шарт еркіндігі, жеке істерге негізсіз араласуға жол бермеу және азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру қағидаттары бар. Сонымен қатар адалдық, парасаттылық және әділдік қағидаттарын дамыту маңызды. Бұл нормалар міндеттемелерді орындауда және мүліктік дауларды шешуде ерекше рөл атқарады. Мамандардың пікірінше, жаңа кодекс азаматтық-құқықтық жүйенің тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ретте халықаралық тәжірибені ескерген жөн. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу бастамасын көтерген болатын.
Арман Батыраханов, ҚР Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институтының» ғылыми қызметкері:
Жалпы, халықаралық тәжірибе мәселесіне келгенде өте мұқият болуымыз керек. Өйткені, біріншіден, әр мемлекеттің экономикалық және саяси даму деңгейі әртүрлі. Екіншіден, әр елдің өзіне тән құқықтық дәстүрлері, құқықтық ұғымдарды түсіну ерекшеліктері және белгілі бір құқықтық институттардың мазмұнын айқындау тәсілдері бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы