Әлем жаңалықтарына шолу
Вашингтондағы атыстан 1 адам қаза тапты
АҚШ астанасы Вашингтонда атыс болып, 1 адам мерт болды. Төрт адам жараланған. Ал шабуылға күдікті ер адам полициямен текетіресте өзіне-өзі оқ атып, қаза тапты. Ол 55 жастағы АҚШ азаматы Мэтт Уэйд Ламберт екені мәлім. Әзірге оның қылмысқа неліктен барғаны белгісіз.
Түркияда әскери тікұшақ құлап, 4 сарбаз қаза тапты
Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, 4 сарбаз қаза тапты. Оқиға Малатья провинциясындағы Түркия Әуе күштері қолбасшылығының базасына жақын жерде болған. Тікұшақ жерге құлаған соң жарылыс болып, бірден өртенген. Әзірге апатқа не себеп болғаны беймәлім.
Украина бойынша келіссөз келесі аптада өтуі мүмкін
Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған келіссөздердің жаңа раунды келесі аптада өтуі ықтимал. Көпжақты кездесу еуропалық өкілдердің қатысуымен өтеді. АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер осылай деп мәлімдеді. Әзірге жиын қай күні, қай жерде өтетіні белгісіз.
Қырғыз Республикасындағы Президент сайлауына 11 үміткер тіркелді
Бүгін Қырғыз Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну үшін белгіленген мерзім аяқталды. Сайлауға қатысуға 11 үміткер тіркелді. Қазір елде кандидаттарды қолдау мақсатында сайлаушылардың электронды қолдарын жинау кезеңі жалғасып жатыр. Сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы