Басты Жаңалықтар Зейнетақы аннуитетін рәсімдегендер пәтерді қалай ала алады?

Зейнетақы аннуитетін рәсімдегендер пәтерді қалай ала алады?

Зейнетақы аннуитеті шартын рәсімдегендер сақтандыру компаниясына аударылған жеткілікті шегінен асса, зейнетақы қорындағы қалған қаражатты пәтер алуға немесе бастапқы жарна ретінде аудара алады. Бұл тетік қалай жұмыс істейді? Кімдер пайдалана алады? 

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Зейнетақы аннуитеті шартын рәсімдегендер пәтер ала алады. Иә, бұл тек осы тәсілді қолданушыларға қатысты және ерікті түрде жүзеге асатын процесс. Енді шарттарына келсек, егер аннуитетті пайдаланамын десеңіз қордағы қаражат өзіңіз таңдаған сақтандыру компаниясына аударылады. Олар белгілі бір талаптарға сәйкес  жеткілікті мөлшерді бекітеді. Мысалы, жинақ көлемі 15 млн теңге болса, компания жеткілікті шекті сомманы 10 млн теңге деп бекітсе, сол қаржы компанияға аударылады. Ал қордағы қалған 5 млн теңгені еш кедергісіз пәтер алуға немесе бастапқы жарна ретінде  пайдалануға болады. 

Алтынай Қозиева, Зейнетақы жинағын сақтандыру компаниясының маманы:

Мысалы, 45 жастағы адамның шотында 10 млн жатса, бізге жеткіліктілік шегі 8 млн деп көрейік, біз оған келісімшарт ұсынамыз. Ол тек 55 жастан бастап зейнетақы жинақтарын ала бастайды. Ал қалған 2  млн-ды өзінің отбасы депозитіне аударады. Немесе бір банктегі депозитте алайын деп тұрған бастапқы жарна ретінде, сонда бастапқы 2 млн теңге, дивидент 800 мың теңге 3 млн-ға жуық теңгесі қолында тұрады.

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Елімізде зейнетақы аннуитеті тәсілін азаматтар 2003 жылдан бері пайдаланып келеді. Биыл келісімшарт рәсімдегендер саны 164 мыңнан асқан. Ал зейнетақы аннуитетін ұсынатын 9 компания бар. Бұл тәсілдің артықшылығы - зейнет жасын күтпей-ақ төлемдерді  алуға  болады. Бұл - бір. Екіншіден, компаниялар бірреттік дивидент төлейді. Мысалы, 8 млн аударсаңыз, 800 мың теңге дивидент аласыз. Үшіншіден, кепілдік шарты ұзақ мерзімге жасалса, қайтыс болған жағдайда қаражат ұрпақтарына беріледі. Зейнетақы аннуитетін 45 жастан бастап рәсімдеуге болады. Оның талабы ерлердің шотында 9,2 миллион теңге, ал әйелдердің  шотында 11,5 миллион теңге болуы керек. Десе де қаражаттың нақты мөлшері азаматтың жасына, жынысына және сақтандыру компаниясының талабына байланысты өзгеруі мүмкін.

Бөлісу