Алматы облысында қант қызылшасы өсетін аумақ небәрі 4 мың гектар алқапты алып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қант қызылшасы өсетін аумақ небәрі 4 мың гектар алқапты алып жатыр

18.06.2015
Алматы облысында қант қызылшасы өсетін аумақ небәрі 4 мың гектар алқапты алып жатыр

Алматы облысы қант қызылшасын өндіріп, елімізді қантпен қамтамасыз етуге өзіндік үлес қосып келеді.

Бір кездері бұл өңірде 30 мың гектар жерге тәтті түбір өсірілетін. Оның әр гектарынан шамамен 350-400 центнерге дейін өнім алатын. Ал, қазір қант қызылшасы небәрі 4 мың гектар алқапты алып жатыр.

Қызылша өсірушілердің өзекті мәселесі - техника. Ескірген құрал-сайманның жаңасын алуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан, аудандарда ірі шаруа қожалықтары негізінде сервистік дайындау орталықтары құрылды.

Алматы облысында қант қызылшасын өсіруді жандандыру бірнеше өзекті мәселенің түйінін шешеді. Біріншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, ауылдағы ағайын да, зауыттағы еңбеккер де жұмыспен қамтылып, халық арзан өнімге қол жеткізеді.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу