Панфилов ауданының шаруалары индустрияландырудың игілігін көруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Панфилов ауданының шаруалары индустрияландырудың игілігін көруде

06.12.2014
Панфилов ауданының шаруалары индустрияландырудың игілігін көруде

Алматы облысы Панфилов ауданының шаруалары биыл 25 мың гектар жүгері алқабынан 150 мың тоннаға жуық өнім алды. Былтыр осы уақытта баға төмен болып дихандар жүгеріні өткізе алмай әлек болған еді. Биыл жағдай тұрақталды. Себебі Жаркент крахмал-сірне зауыты толық қуатында жұмыс істей бастады. Кәсіпорын аудан жинаған барлық дақылдың 3-тен бір бөлігін өңдеп, өнімін экспортқа шығара бастады.

Жаркент крахмал-сірне зауыты Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның жемісі. Кәсіпорын тәулігіне 150 тонна жүгері өңдейді. Жабдықтар толық автоматтандырылған. Еңбек өнімділігін арттыру үшін цехтар 3 ауысымды жұмыс кестесіне көшкен.

Зауытта 250 адам еңбек етеді. Былтыр тек крахмал ғана өндірсе, биыл сірненің үш түрін шығара бастады. Өнім көлемімен бірге кәсіпорынның экспорттық әлеуеті де артып отыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу