Жетім көрсең жебей жүр... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетім көрсең жебей жүр...

08.10.2014
Жетім көрсең жебей жүр...

Басымызға небір ауыртпалық түскен жаугершілік заманда да жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз... Астанада өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Елбасы тастанды бала, қартайғанда қараусыз қалған ата-ана жайында салиқалы сөз салмақтап, жұртқа біраз ой тастады. Оған жауап ретінде жетісулықтар тағдыр тәлкегімен тұл жетім қалған балаларға өкіл әке болып, бауырына басу үрдісін жаңашылдықпен жалғастырып әкетпекші. Сарыөзек өңірінде осы дәстүрдің арқасында биыл ата-анасыз қалған 7 жеткіншекті жергілікті кәсіпкерлер өз қамқорына алды. 

Құрмет Қадырхановтың ес білмейтін кішкентай шағында анасы қайтыс болады. Осыдан 3 жыл бұрын сұм ажал әкесінен де айырды. Бірақ, жеткіншек өмірде мейірімді азаматтар бар екеніне сеніммен қарады. Кәсіпкер Бақыт Құсымбаев Құрметке өкіл әке атанып, баланы өз қамқорлығына алды. Енді жасөспірімнің жан-жақты көмек көрсетіп, ақылын айтып, бағыт беретін тіреуіші бар.

Ауданда Құрмет сияқты тағы 6 баланың өкіл әкесі бар. Жергілікті билік олардың болашағына енді алаңсыз. Ал, Кербұлақ ауданында әлі де 30-дан астам жетім бала бар. Ендігі мәселе осы балаларға өкіл әке сайлап, қазақы дәстүрмен аманат ету. Оны өңірдегі жүрегі жомарт, жаны жайсаң азаматтар жүзеге асырмақшы. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу