Ақтөбе облысында 5 жасар қызды қарақұрт шағып, өлім аузынан қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында 5 жасар қызды қарақұрт шағып, өлім аузынан қалды

01.08.2014
Ақтөбе облысында  5 жасар қызды қарақұрт шағып, өлім аузынан қалды

Ақтөбеде  5 жасар қыз өлім аузынан қалды. Мұғалжар ауданы  Жаңажол ауылында тұратын Гүлімайды  ойнап жүрген жерінде қарақұрт шағып алған.

 Аудандық ауруханада қарақұртқа қарсы дәрі табылмай, бүлдіршін  санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізілді. Шаққан қарақұрт зертханаға тапсырылды.

Бұл - жыл басталғаннан бері екінші жағдай. Байғанин ауданында жүкті әйелді де шаққан. Қазір оның денсаулығына шағымы жоқ. Ал, кішкентай Гүлімайдың жағдайы жақсы. Реанимация бөлімінен жалпы палатаға шығарылды.

Талғат Артықбаев, травматолог:

Аурханаға әкелген кезде баланың жағдайы орташа болды. Қарақұртқа қарсы  екі рет дәрі егілді. Екі рет егілгеннен кейін баланың жағдайы жақсарды. Қарақұрттың уы өте қауіпті. Ол шаққанда, үлкен адамды да өлім халіне жеткізуі мүмкін

Әлия ТАЛАСОВА

 

Хабарламаларға жазылу