Басты Жаңалықтар Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды

Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды

Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Баяхметов салынып жатқан Зайсан және Катонқарағай әуежайларындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Зайсан әуежайында ұшу-қону жолағы, перрон, рулдеу және кірме жолдар, инженерлік желілер құрылысы аяқталды. Жарық-сигналдық және радионавигациялық жабдықтар да орнатылды. Қазір ғимараттарды әрлеу, жабдықтарды монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімін бастады.

Катонқарағай әуежайында да ұшу-қону жолағы, перрон, рулдеу жолы мен қазандықтың құрылысы аяқталған. Автомобиль жолын көшіру жұмыстары да тәмамдалды. Қазір инженерлік желілерді тарту, тазарту құрылыстарын салу, ғимараттарды әрлеу және аэронавигациялық жабдықтарды орнату жұмыстары жалғасып жатыр.

Бөлісу