Басты Жаңалықтар 33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?

33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?

Мына купюралар есіңізде ме? Бетінде тарихи тұлғалардың портреті бейнеленген осы үлгідегі ұлттық валютаны қазақ елі бұдан тура 33 жыл бұрын, 1993 жылғы 15 қарашада қолына ұстады. Содан бері теңгенің бет-бейнесі де талай өзгерді. Енді мына үш банкнотты қатар қойып қарайықшы. 10 мың, 5 мың және мың тг. Үшеуінің де халықаралық жүлдесі бар. Дүниежүзілік банкнот қауымдастығы 2011 жылдан былай қарай қатарынан үш рет қазақтың теңгесін «Жыл банкноты» деп таныды. Айтпақшы, биыл шілдеде күшіне енген Конституцияға алғаш рет ұлттық валюта туралы тармақ жазылды. Цифрлық теңгенің де құқықтық мәртебесі белгіленді. Теңгеміз теңселмесін, беделі биіктесін.

Кешегі аспаннан доллар жауған атышулы оқиғадан кейін еске түсіп тұр. Аян Сейітовтей айтыскердің айтқаны бар:

10 теңге бетіндегі Шоқаныңды

Қашқарияны зерттеген аға дедік.

20 теңге бетіндегі Абайыңды

Қазаққа ақыл айтқан дана дедік.

50 теңге бетіндегі Әбілқайыр

Кіші жүзге хан болған баба дедік.

Үш жүздің басын қосқан Абылайды

100 теңге қып шытырлатып санап едік.

Теңгенің ауысқаны жақсы болды,

Жаңғырды көне кетіп, жаңа келіп.

Әйтпесе, бұл күндері жүрер ме едік,

Фараби бабамызбен пара беріп...

Доллар шашылса да, теңгеміздің абыройы шашылмасын.

Бөлісу