Зардап шеккен үйлерге көмек көрсетіледі
Көкшетауда кешегі нөсер жауыннан келген шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері кейбір тұрғынның жауынға қарсы еш шара қолданбай, қол қусырып отырғанын атап өтті.
Жалпы, қалада төтенше жағдайлар қызметіне 160 үйден хабарлама келіп түскен. Комиссия мүшелері бұл үйлерді аралап, нәтижесінде 69 үй жауыннан зардап шеккен деген қорытындыға келді.
Оларға облыс әкімдігінен материалдық көмек көрсетілетін болады. Ал қалада үйлер мен көшедегі суларды сыртқа шығаруға байланысты жұмыстар әлі де жалғасуда.
Инна Адам, комиссия мүшесі:
Облыс әкімі зардап шеккен үйлерді аралап, шығынын есептеуді тапсырды. Жауыннан зардап шеккен үйлерге 55 мың теңге көлемінде көмек көрсетілетін болады.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49