Қызылордада «АТФ» банкінің касса меңгерушісі тұтқындалды
Қызылордада «АТФ» банкі облыстық филиалының касса меңгерушісі тұтқындалды. Қаржы полицейлері оның үстінен аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Банк қызметкері жыл басынан бері 600 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырған. Сот санкциясымен айыпталушы азаматша қамауға алынды.
Аида Жаңабергенова, ЭҚСЖК департаменті баспасөз хатшысы:
Омарова 2014 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында «АТФ» банк Қызылорда облыстық филиалының қоймасына кіруге рұқсаты бар тұлға ретінде 601 миллион 938 мың теңге және 30 мың АҚШ долларын ұрлау фактісі бойынша айыпталады. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09