Астанада жылыту маусымы қазанда басталады. Бірақ, күннің суытуына байланысты бұл мерзім өзгертілуі мүмкін. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау бойынша жыл сайынғы жұмыстар жандандырылды.
Бұл бағытта Алматы ауданында қарқынды жұмыстар жүруде. Аудан әкімі аппараты хабарлағандай, мұндағы 1035 көппәтерлі тұрғын үйдің 830-ы жылыту маусымына толығымен дайын. Қысқа дайындық жұмыстары ауданның әлеуметтік нысандарында да жүргізілуде.
Бүгінде 16 денсаулық сақтау мекемесінің 12-і, 65 білім беру мекемесінің 58-і және 4 мәдениет орталығының біреуі дайындық жұмыстарын аяқтады. Мекеменің хабарлауынша, барлық жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады және 1 қыркүйекке дейін толығымен аяқталады.