Полиция қызметкерлерін қаржыландыру 920 миллион теңгеге артпақ
Алматыда полиция қызметкерлерін қаржыландыру 920 миллион теңгеге артпақ. Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен жиын барысында қала басшысы Ахметжан Есімов мәлім етті. Шаһардың тұрақты экономикалық өсімі қалалық Ішкі Істер департаментін қаржыландыру көлемін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Биыл қалада Ішкі істер органдарының техникалық жабдықталуы артып, 105 автокөлік, 63 бейнетіркеуші сатып алынды. Отырыс барысында қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев органның 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы жұмыс қортындысымен таныстырды.
Оның айтуынша, қазір қаладағы криминогендік жағдай құқық қорғау органдарының жіті бақылауында. Жыл соңына дейін 350 аулада қосымша 1600 бейнекамера орнатылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18