Жыл басынан бері елімізде 160 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері елімізде 160 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген

25.07.2014
Жыл басынан бері елімізде 160 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген

Жыл басынан бері елімізде 168 132 қылмыстық іс тіркелген. Бұл былтырғыға қарағанда 5  пайызға аз. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева хабарлады.

Дегенмен, алаяқтық қылмыстар азаймай тұр. Әсіресе, несие рәсімдеу мен зейнеткерлерді, мүгедектерді алдап соғу фактісі кеңінен етек жайған.

Жол-көлік оқиғалары да өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай артқан. Жыл басынан бері мұндай 8 600 факті тіркелді.

Жол апаттары әсіресе, Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақтанда көп тіркеледі.  Сәуле Айтпаеваның айтуынша, басқа салаларда қылмыстардың тіркелуі біршама төмендеген.

Сәуле Айтпаева, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы:

Кісі өлтіру қылмысы 22 пайызға, қарақшылық 49 пайызға, ұрлық-қарлық 27 пайызға төмендеді. Өңірлер ішінде Алматы қаласы мен облысы, Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстанды айтпағанда, басқа аймақтарда қылмыс деңгейі төмендеп келеді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу