Көкшетаулық оқушы тоққа түсіп мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаулық оқушы тоққа түсіп мерт болды

25.07.2014
Көкшетаулық оқушы тоққа түсіп мерт болды

Көкшетаулық 13 жастағы Алексей Метров  тоққа түсіп мерт болды.

Ол Элеватор шағын ауданындағы алаңқайда доп теуіп, ойнап жүрген. Ойын қызуына түсіп,  байқаусызда салбырап тұрған электр сымын қолымен  ұстап алған. 

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Алексейдің өмірін сақтап қала алмады.

Мұғалімдері оны үлгілі оқушы болған, деп еске алады.

Ал,  ата-анасы бұл жағдайға  электр энергетика қызметін кінәлап отыр. Өйткені, осы шағын ауданда қараусыз тұрған  электр сымдары жиі кездеседі.

Анна Струк, әжесі:

Электр қызметкерлері қайда қарап отыр? Бұл кез келген баланың өміріне қауіпті ғой. Әр жерде электр сымдары салбырап тұр. Осыншама немқұрайлылық танытуға бола ма?

Татьяна Гибнер, № 8 мектеп директорының орынбасары:

Өте өкінішті жағдай. Мектеп ұжымы туған-туыстарына  көңіл айтады. Қайтыс болған оқушының отбасына материалдық көмек көрсету мақсатында мұғалімдер мен оқушылар қаражат жинап жатыр.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу