Қызылордада 8 мыңнан астам жұмысшыға жалақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 8 мыңнан астам жұмысшыға жалақы төленді

24.07.2014
Қызылордада  8 мыңнан астам жұмысшыға жалақы төленді

Жұмысын істетіп, жалақы төлеуден жалтарып жүргендерді прокурорлар тәртіпке салды. Қызылордада  8 мыңнан астам жұмысшыға жалақы төленді. Аймақтағы 31 мекеменің қызметкерлері жылдар бойы қордаланып қалған 781 миллион теңге көлеміндегі еңбекақыларын алды. 

Өңірде еңбек пұлды төлеуге құлықсыздар әлі де бар. Алдағы уақытта маңдай терінің ақысын ала алмай жүрген басқа да жұмысшыларға жалақысы берілетін болады. Ол үшін тиісті шаралар  қолданылуда.

Руслан Жақсылықов, облыстық прокуратураның бөлім прокуроры:

Жалақы қарыздары бар мекемелер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қасақана бірнеше рет жалақы қарыздарын төлемеген жағдай анықталса, қылмыстық жауапкершілікке  тарту, одан бөлек, олардан сот арқылы мәжбүрлеп алу шаралары жүргізіледі.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу