Солтүстік Қазақстан облысында балықшыны жылан шақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында балықшыны жылан шақты

24.07.2014
Солтүстік Қазақстан облысында балықшыны жылан шақты

Солтүстік Қазақстан облысында балықшыны  улы сұр жылан шақты. Бұл - биыл облыста тіркеліп отырған екінші жағдай.

Теріскейде улы жыландардың ішінде тек сұр жылан ғана мекендейді. Оның өзі де  адамға өздігінен тиіспейді. Жылан шаққаннан соң, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет.

Өздігінен жараны таңып, күйдіруге болмайды. Асқындырып алса, шаққан жерді кесіп тастауға тура келеді, дейді мамандар. Былтыр да өңірдің екі тұрғынын жылан шағып, медициналық көмек көрсетілген болатын.

Руслан Төлентаев, токсиколог-дәрігер:

Жылан шаққан адам дәрігерлер көмегіне жүгінді. Ісік қолының басынан иығына дейін жеткен. Емделушіні жансақтау бөліміне  жатқызып, жылан  уына қарсы екпе жасадық.

Денсаулығына қауіп төнбегендіктен, емделуші үйіне жіберілді. Адамды жылан шаққан кезде, жедел түрде ауруханаға шағымдану шарт. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда зардап шегушіні жатқызып, ыстық тәтті шай ішкізу керек.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу