Шымкентте полицейлер Тәжікстан азаматтарынан ақша бопсалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте полицейлер Тәжікстан азаматтарынан ақша бопсалаған

23.07.2014
Шымкентте полицейлер Тәжікстан азаматтарынан ақша бопсалаған

Шымкентте шетел азаматтарынан ақша бопсаламақ болған жол-патрульдік полицейлері  ұсталды. Үш тәртіп сақшысы Тәжікстан Республикасының азаматтары мінген қымбат көлікті тоқтатады.

Құжаттарын тексеру барысында көліктің Ресейде ұрланғанын  анықтаған. Қылмыстық жазаға тартпау үшін 5 мың АҚШ долларын талап етеді.

Арам әрекетін жүзеге асыру үшін өздерін Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, деп таныстырады.

Сенімсіздік танытқан Тәжікстан азаматтары полицияға хабарлаған.

Патрульдік полицейлер ақша алу үстінде қолға түсті. Барлығы да 5 жылдан аса Ішкі істер саласында қызмет атқарған. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Олар полиция қызметкері болғандықтан, қатаң түрде жазаға тартылады. ОҚО ІІД басшылығы қызметкерлер арасында мұндай заңсыз әрекеттерді болдырмайды. Сондықтан, осылардың алдын алу үшін арнайы топ құрылған.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу