Батысқазақстандық дәрігерлер сәбиді заңсыз асырап алуға берген
Батыс Қазақстан облысында сәбиді заңсыз асырауға беру дерегі тіркелді. Екі жыл бұрынғы оқиға прокурорлық тексеру кезінде анықталды.
Ақжайық ауданы орталық ауруханасының дәрігерлері анасы бас тартқан нәрестені өзге отбасына бере салған. Бұл жайт астыртын іске асып, бала асырап алудың тәртібі сақталмаған.
Сондай-ақ, Ақтөбеден келген отбасының сәбиге жалған құжаттар жасағаны да әшкере болды. Қазір заң бұзған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Танзила Сафиева, облыс прокурорының аға көмекшісі:
Сәби қазір сол отбасында тұрып жатыр. Оны тартып алуды қарастырмаймыз. Қамқорлық органдары отбасындағы ахуалды, балаға деген көзқарасты қарайтын болады. Оңды құбылыс болса, жанұя сот арқылы асырап алу тәртібінен өтеді.
Рауан ДИӘЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49