ТЖД мамандары Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖД мамандары Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кеңес өткізді

22.07.2014
ТЖД мамандары Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кеңес өткізді

Өткен 6 айда екі баланың өлімі өрттен болды. Оған ата-аналардың немқұрайлылығы себеп. Бірі баланы үйде қалдырып, жұмыспен кетсе, енді бірі балаларды ойын алаңына жалғыз жібереді.

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар департаментінде өткен жиында айтылды. Құтқарушыларды мазалайтын тағы бір мәселе - білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі.

Сондықтан, бүгінгі іс-шараға мектеп басшылары арнайы шақыртылып, оларға жадынамалар мен ақпарат қағаздары таратылды.

Енді олар мамандар кеңесін оқушыларға жеткізетін болады.

Әлібек Қалымбетов, Сарыарқа аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім басшысы:

Сарыарқа ауданы бойынша 36 білім беру мекесі тексерілді. Оның ішінде 11 мекемеде өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғаны анықталды. Жауапты меңгерушілер әкімшілік жазаға тартылып, атқарылған жұмыстар бойынша тағы мәселелер көтерілді.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу