Орал қаласында бесік арбаларының шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласында бесік арбаларының шеруі өтті

22.07.2014
Орал қаласында бесік арбаларының шеруі өтті

Орал қаласында тұңғыш рет бесік арбаларының шеруі өтті. Көңілді мейрамға 20 отбасы қатысты. Арбаны безендіріп, түрлі кейіпке келтіру  - байқаудың басты талабы.

Сайыс барысында үздік,  деп 8 айлық  Максим мен Егор Старцевтардың арбасы танылды.

Сәбилердің ата-анасы арбадан кішігірім кеме жасау үшін бір ай еңбектенген. Ерекше байқау сал ауруына шалдыққан Ілиясқа да  жақсы көңіл-күй сыйлады.

Анасы мен күтушісі  балғынның арбасын «Жедел жәрдем» көлігіне айналдырған. Осылайша, Ілияс  адамдарға көмек қолын созатын дәрігердің рөлін сомдады .

Ақмарал Мұратова, әлеуметтік қызметкер:

Бүгінгі мерекелік шара көңілімізді көтерді. Осындай іс-шаралар көп болса  аналарға, балаларға, сонымен қатар, мүгедек балаларға да жақсы әсер қалдырады. Бүгін Ілиястың көңіл-күйі кешегіге қарағанда көтеріңкі.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу