Оңтүстік Қазақстан облысында сәбиді сатып, пайда таппақ болғандар ұсталды. Адам сату фактісі Сайрам ауданында әшкереленді. Жуырда ғана босанған Өзбекстан Республикасының азаматшасы полицияға «Баламды біреулер келіп, еркімнен тыс алып кетті», деп арызданады.
Ол жаңа туған сәбиін өзімен бірге тұратын отандасы тартып алғанын айтқан. Осыдан кейін жедел іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 25 жастағы Өзбекстан азаматшасын қолға түсірді. Көршісі нәрестені сол аудандағы емдеу мекемесінің гинекологымен бірлесіп сатып жібергенін мойындады.
Наргиза, сәбидің анасы:
Олар келіп «балаңды енді көрмейсің, ұмыт», деп, алып кетті. «Егер біреуге айтсаң немесе сөйлессең, сені қаматамыз», деп қорқытты. Содан кейін мен полицияға арыздандым. Екі күнде баламды тауып, әкеліп берді.
Айнұр АҚБАЕВА