Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мотокөліктің қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 13 адам жараланып, 2-еуі қаза тапты. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алып, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері апатқа ұшыраған мотоциклдерді орталық көшемен алып өтті. Өкінішке қарай, скутер мен велосипед мінген жүргіншілер қарапайым ережелерді біле бермейді.
Андрей Харченко, қалалық Ішкі істер басқармасы мемлекеттік автоинспекторы:
Көбіне мотоцикл жүргізушілері жылдамдықты тым асырып жібереді. Сондай-ақ, арнайы киім мен шлем кимейді. Осының салдарынан апат кезінде денелері барынша қорғалмағандықтан, ауыр жараланады немесе қаза табады. Сондықтан, ережені бұзбай, өзіне де, өзгеге де қауіп төндірмей талаптарды орындаса, дейміз. Біздің мақсатымыз – жауапкершілігі жоқ жүргізушілерді осындай апатқа ұрынуы мүмкін екенін көрсету.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ