55 мың нысанда мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасалмаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

55 мың нысанда мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасалмаған

18.07.2014
55 мың нысанда мүгедектердің кіріп-шығуына жағдай жасалмаған

Еліміздегі 55 мыңдай нысанда мүгедектердің кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасалмаған. Биыл жыл аяғына дейін осы  ғимараттардың 1969-на пандустар орнатылып, кемтар жандарға қажетті жағдай жасалуы тиіс болатын. Алайда, бүгінге дейін тек 426-сы ғана талапты орындаған. Бұл туралы мүгедектерді әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болды. Қайта жөндеуден өткен нысандардың дені Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Ал, Атырау, Маңғыстау, Павлодар облыстарындағы бір де бір нысан әлі күнге дейін мүгедектердің еркін кіріп-шығуына бейімделмепті.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Кейбір нысандар мүгедектердің жағдайына сай бейімделгенімен, кіріп-шығуға әлі де қиындық тудыруда. Өйткені, пандустар өте биік немесе жақтауы жоқ. Бұған себеп, жауапты органдар жұмысты бастан-аяқ қадағалап отырмаған.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу