Қостанай тұрғыны шатырдан бір бума ақша тауып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай тұрғыны шатырдан бір бума ақша тауып алды

18.07.2014
Қостанай тұрғыны шатырдан бір бума ақша тауып алды

Шатырға жасырылған қазына. Қостанай облысындағы Нечаев аулының тұрғыны Виктор Князев үйінің төбесін жөндеп жүріп бір бума ақша тауып алды.

Алайда, бұл олжа тек тарихи жәдігер ретінде ғана құнды болып шықты. Мұқият оралып, шатырдағы тақтайдың арасына жасырылған 898 рубль ХІХ ғасырдағы патшалық Ресей заманына тиесілі. Ораманың ішіндегі құжаттарға қарағанда қаржының иесі Виктордың арғы атасы – Василий Князев. Мұнда тіпті отбасының сатып алуды жоспарлаған заттарының тізімі де бар. Қазына табылған үй ауылдағы ең ескі ғимараттардың бірі. Іргетасы 1902-ші жылы қаланыпты. Шатырдан табылған ақшаның көлеміне қарағанда үй иесі ауқатты адам болған. Салыстыру үшін айтсақ, ол заманда мұғалімдер мен дәрігерлердің айлық еңбек ақысы 100 рубль көлемінде еді. Ал, жақсы құрым етік орташа есеппен 3 рубль, ағаш жиһаздың құны 50 рубль тұратын. Үйдің қазіргі иесі арғы атасынан қалған қазынаны қалай кәдеге жарататынын әзір шешкен жоқ.

Виктор Князев, Нечев ауылының тұрғыны:

Коммунистер билікке келген соң кулак ретінде отбасы қуғынға ұшыраған. Оларды колхозға да жұмысқа алмапты. Ал, мына ақшаны жасырған жерлерін ұмытқан немесе құны бар кезінде жұмсап үлгермеген.  

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу