Астана қалалық сотының жаңа ғимараты ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қалалық сотының жаңа ғимараты ашылды

18.07.2014
Астана қалалық сотының жаңа ғимараты ашылды

Астананың сол жағалауы тағы бір көркем ғимаратпен толықты. Әділет сарайы деп аталатын ғимаратта енді 4 қалалық  сот орналасатын болады. Жаңа әкімшілік нысанды бүгін Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми мен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов аралап көрді. Ғимарат 32 мың шаршы метрден астам жерді алып жатыр. Онда 50 сот отырысы залы орналасқан.

Астана қалалық соты, қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот және Есіл ауданының екі бірдей соты орналастын болады. Сот залдары соңғы техникамен жабдықталған және халықаралық талапқа сай екі судяға бір залдан тиесілі болатын болды. Жаңа ғимараттағы алғашқы ірі жиындардың бірі бүгін өтті. Онда елдегі сот төрелігін жүзеге асырудың биылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындыларына арналған отырысы өтті.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы  сотының төрағасы: 

Осындай тамаша ғимаратты тұрғызу үшін үлес қосқан барша құрылысшыларға өз атымнан және сот қауымдастығы атынан ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қызметтеріңіздің арқасында осындай тамаша ғимарат тұрғызылды. Ғимаратта лайықты жұмыс атқарылатынына мен толық сенемін.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу