Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам мерт болды. Атырау-Доссор трассасының 34-ші шақырымында Құлсары қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Mercedes-Benz» көлігінің тізгініне ие бола алмай, аударылып, жол бойынан шығып кеткен.
Қатты соққылардың салдарынан көлік ішінде болған 6 жолаушының үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. Айта кетерлігі, жолаушылардың барлығы Павлодар қаласының тұрғындары.
Гүлнәзира Мұхтарова, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аударылған «Mercedes-Benz» көлігінің жүргізушісі және үш жолаушы Доссор ауылының ауруханасына жатқызылды. Өкінішке қарай, ауыр жарақат алған. Ал, тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабына сай қылмыстық іс қозғалды.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ