Петропавлда борышкерлермен күресудің жаңа тәсілі қолданылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда борышкерлермен күресудің жаңа тәсілі қолданылуда

16.07.2014
Петропавлда борышкерлермен күресудің жаңа тәсілі қолданылуда

Петропавлда су таратушы кәсіпорын борышкерлермен күрестің жаңа әдісін енгізбек. Бұдан былай берешегі көп тұтынушылардың пәтерінде кәріз құбыры бітеліп,  жарамсыз болып қалады.

«Қызылжар су» компаниясының басшылығы бұл қадамға амалсыздан барып отырғанын айтады. Өйткені, тұрғындардың кәсіпорын алдындағы борышы 21 миллион теңгеден асып кеткен.

Сағындық Сәбитұлы, тіліші:

Бұл әдістің ерекшелігі, пәтерге кірмей-ақ кәріз құбырын бекітуге болады. «Көртышқан»  деп аталатын қондырғы орнатылған бейнекамера қажетті пәтерді тез, әрі дәл анықтайды.

Осылайша,  үйге су кіргеніме,  санитарлық желі бітеліп, әжетхананы қолдана алмайтын болады.

Қондырғының басына кигізілген пластикалық қақпақ тығынның рөлін атқарады. Қажетті деңгейге келген кезде автоматты түрде орнатылады.

Рүстем Садық, инженер:

Кәрізге жіберіледі. Керек пәтердің әжетханасының тесігін бітейді. Оны біз монитормен көріп тұрамыз да, бітеуіш саламыз.

Мамандардың айтуынша, ескерту еш нәтиже бермей отыр. Сондықтан, осындай қатаң шара қолданылмақ. Қазір бұл қондырғы тек Астана қаласында ғана пайдаланылады. 

Арман Сауытов, кәсіпорынның техникалық директоры:

Барлық борышкерлердің пәтеріне кіру мүмкін емес. Сондықтан ресейлік мамандардың, Астана қаласындағы әріптестеріміздің әдісіне жүгіндік. Бұл тәсілді тамыз айының ортасында қолдана бастаймыз. Әрине, қарызы бар адамдарға ескертеміз. Борыш өтелмеген жағдайда ғана осы қадамға баруға тура келеді.

Кәріз құбырын бекіту мен оны алып тастауға небары 15-40 минут аралығында  уақыт жұмсалады. Екі адам ғана қолданатын  қондырғыны басқа мақсатта да пайдалануға болады. Кәріз желісіндегі тот басқан жерлерді анықтап, оны тазалауға мүмкіндік береді. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу