Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді
Қасиетті Рамазан айында Алматыда әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бүгін Орталық мешітте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қоры тұрмысы төмен 200 жанұяға азық-түлік таратты.
Қалалық әкімшілікте есепте тұратын тұрмысы төмен отбасыларға енді ай сайын қолдау көрсетіледі. Мұны шара барысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы айтты.
Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:
Рамазан айының басында бұл кісілер Орталық мешітке арыз қалдырған. Онда өздерінің әлеуметтік жағдайлары төмен екенін, көмек қажет екенін жазады. Осы арыз-талаптар бойынша жинап отырмыз. Алла жазса, бұл - осы Оразада ғана емес, жыл он екі ай жалғасын табатын іс-шара.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы Зұлқия Жұматова өмірден өтті
15.11.2026, 20:07
33 жылдық тарих: Қазақ теңгесі әлемді қалай мойындатты?
15.11.2026, 20:04
Қазақстанда жәрдемақы тағайындау ережесі өзгереді
15.11.2026, 20:00
Сынаққа сынбаған тағдырлар: Параспортта өздерін дәлелдеген кімдер?
15.11.2026, 20:00
Президент шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
15.11.2026, 19:58
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты не белгілі?
15.11.2026, 19:55
Алматы әуежайының жаңғыртылған ішкі рейстер терминалы ашылды
15.11.2026, 15:54
Зайсан әуежайын сертификаттау рәсімі басталды
15.11.2026, 15:49