Батысқазақстандық кәсіпорын өкілдері зиянды қалдықтарды елді мекен маңына төгіп келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандық кәсіпорын өкілдері зиянды қалдықтарды елді мекен маңына төгіп келген

16.07.2014
Батысқазақстандық кәсіпорын өкілдері зиянды қалдықтарды елді мекен маңына төгіп келген

Батыс Қазақстан облысының  тағы бір кәсіпорны бұрғылаудан пайда болған зиянды қалдықтарды елді мекендердің маңына төгіп келген.

Өткен айда  «МұнайАвтоТранс» серіктестігінің директоры жауапқа тартылса, енді  «Батыс Табиғат» компаниясының басшысы Нәсіпқали Машановтың ісі сотқа жолданды.

Ол тендерге жалған құжаттармен қатысып, заңсыз жеңімпаз атанған.

Сөйтіп, бұрғылаудан кейінгі өндірістік қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге заңсыз төктірген.

Экологиялық сараптама барысында қауіпті қалдықтардың «Рожков» кен орнынан шығарылғаны анықталды.

Тексере келе «Батыс Табиғат» мекемесінің бірде-бір көлігі  облыс аумағынан шықпағаны, яғни, құжатта көрсетілген Атырау полигонына  өндірістік қалдықтарды тасымалдамағаны әшкере болды. 

Арман Кенжеғалиев, БҚО прокуратурасының басқарма басшысы:

Межелі жерге 118 рейс жасалмаған. Бұл 2181 тонна қалдықты құрайды. Осы көлемдегі қалдық Кирсанов ауылының маңына және басқа да бұл үшін арналмаған жерлерге төгілген. Бұл аса қауіпті экологиялық ластануға әкеп соқтырып, мемлекетке 119 миллион 340 мың теңгеден астам сомаға шығын келтірілді. 30 маусым 2014 жылы айыпталушы Машановтың ісі Зеленов ауданының сотына жолданды.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу