Шенеунік пара алып жатқанда ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шенеунік пара алып жатқанда ұсталды

15.07.2014
Шенеунік пара алып жатқанда ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Аумақтық жер инспекциясының басшысы пара алып жатқан жерінде ұсталды. Лауазымды қызметкер жергілікті кәсіпкерден 3 миллион 600 мың теңгеден астам қаражат  талап еткен.

Яғни, ол қомақты сомманы  кәсіпкердің пайдасы үшін кассациялық сотқа шағым түсіру  үшін  пайдаланбақ болған. Әрі оны өзге бір кәсіпкер арқылы алған. Бірақ, шенеуніктің арам ойы жүзеге аспады.

Оны Қаржы полициясының қызметкерлері  жеңіл көлікте пара алу үстінде ұстаған.  Алайда, инспекция басшысының  қамауға алу кезінде қан қысымы көтеріліп кеткендіктен, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Эльвира Қадірсізова, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

Қазіргі таңда Панзарбекке қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс тергелуде.  Панзарбек қамауға алынды.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу