Жұмыс беруші 5 пайыз зейнетақы жарнасын төлеуге міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыс беруші 5 пайыз зейнетақы жарнасын төлеуге міндетті

15.07.2014
Жұмыс беруші 5 пайыз зейнетақы жарнасын төлеуге міндетті

2018 жылдан бастап барлық жұмыс берушілерге  қазіргі он пайыздан бөлек, 5 пайыз зейнетақы жарнасын төлеу міндеттеледі.  Жүйе шартты түрде жинақтаушы жүйе деп аталатын болады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Осылайша, барлық жұмыс беруші жұмысшы табысының 5 пайызы көлеміндегі қаржыны зейнетақы қорына аударып отырады. 

Сондай-ақ, 2017 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемдері жаңа әдіспен есептеледі. Яғни, кейінгі кезде жиі айтылып жүрген ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі өзгереді.

Жалпы зейнетақы көлемі еңбек өтіліне немесе зейнетақы жүйесіне қанша уақыт қатысқанына байланысты болмақ. 2017 жылға қарай зейнет жасына жеткен 2 миллионнан аса  зейнеткерге жаңа әдіспен базалық зейнеатқы төлемдерін жүргізу үшін бюджеттен 275 миллиард теңге бөлінеді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Яғни, біз теңдестірілген зейнетақыдан арыламыз. Ендігіде еңбек өтілі немесе зейнетақы жүйесіне қатысуы 10 жылға дейінгілерге төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы көлемінде, 20 жыл еңбек өтілі бар адамдарға төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы көлемінде, ал 35 жыл немесе одан жоғары еңбек өтілі бар адамдарға төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы көлемінде зейнетақы төленеді. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу