Сақшылар жазықсыз азаматты кінәлі еткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сақшылар жазықсыз азаматты кінәлі еткен

15.07.2014
Сақшылар жазықсыз азаматты кінәлі еткен

Сот үкімімен Атырау облысына қарасты Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі мен жедел уәкілі жалған қылмыстық іс материалдарын жасағаны және қызметтік лауазымын асыра  пайдаланғаны үшін кінәлі, деп танылды.

Олар Мақат ауданына қарасты Доссор ауылында азық-түлік дүкені тоналғанда қылмыстық іс қозғаған. Бұл істі жүргізу барысында күдіктіні тауып, ол өз кінәсін мойындап, дүкен иесінен кешірім сұрады,- деп жалған хаттама толтырған.

Сөйтіп, қылмыстық істі жауып тастаған. Алайда, біраз уақыттан кейін қадағалаушы органдар материалдардан көптеген заң бұзушылық анықтайды. Кейіннен күдіктінің  дүкенді тонағандығы туралы және оның иесі жөнінде ештеңе білмейтіні белгілі болды.

Боранбай  Ғалиев, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны, айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалағаны үшін кінәлі, деп танылып, шартты түрде екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сот үкімі шықты. Криминалдық полицияның жедел уәкілін шартты түрде бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу