Атырауда өзеннің жағасында тірі балықтар сатылуда
Атыраулықтар Жайық жағасында балықтарды тірідей сатып алуға мүмкіндік алды. Дәлірек айтқанда, жергілікті балық кооперативі суда жүзу құрылғысында тірі балықтарды және оның өнімдерін сататын сауда нүктесін ашты.
Енді кәсіпкер түнімен аулаған балықтарын күзгі уақытқа дейін таңертең осы өзеннің жағасына әкеліп саудалайтын болады. Бір күннің өзінде бұл кооператив 3 тоннаға жуық тірі балық сатты.
Ал, күн суыта келе күніне 10 тонна балық өнімдерін саудалауға болады, дейді кәсіпкер. Ол мұндай сауда нүктелерін шаһардың тағы үш жерінен ашуды жоспарлап отыр.
Жалпы, қалада балық атаулыны базардан да сатып алуға болады, бірақ, тірі балықты кездестіре бермейсіз. Оған қоса, бағасы да мұнда базардағыдан анағұрлым арзан көрінеді.
Қарашаш Ахметжанова, қала тұрғыны:
Өте қуаныштымын. Халыққа ыңғайлы. Бағасы - 250 теңге. Базардан 500 теңге. 250 теңгеге таңдаған балығыңды алуға болады.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы