ШҚО-да Мәжіліс депутаты халықпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да Мәжіліс депутаты халықпен кездесті

12.07.2014
ШҚО-да Мәжіліс депутаты халықпен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рахымжанов Шығыс Қазақстан облысының халқымен кездесті. Басты мақсат - тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, сұрақтарына жауап беру, аймақтағы жағдаймен танысу.

Халық қалаулысы алдымен Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұдан кейін Ұлан ауданының бірнеше елді-мекенінде болып қайтты. Таврия кентінде болған кездесуде тұрғындар депутатқа сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

«Нұр Отан» партиясының парламенттік фракция мүшесі қойылған сұрақтардың бір парасын Парламент қабырғасында көтеретінін айтты. Әмірхан Рахымжанов Шемонайха, Жарма, Абай, Бесқарағай аудандары мен Семей қаласына да барады.

Әмірхан Рахымжанов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Мен көп жылдар бойы өңірлерге шыққан жоқпын. Өзгерістер көп екен. Жаңадан мектеп және бала-бақшалар салынып жатыр. Халықтың жағдайы жақсы. Бизнес жақсы дамып келе жатыр екен.

Берік КӨШЕРБАЕВ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу