«Гүлнәр тур» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гүлнәр тур» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

11.07.2014
«Гүлнәр тур» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Отандастарымызды Түркия әуежайларында тентіреткен «Гүлнәр тур» компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін Алматы қаласы Бостандық аудандық прокуратурасы алданған азаматтардың құқығын уақытылы қалпына келтіру мақсатында осы серіктестіктің жауапты тұлғаларының заңға қайшы іс-қимылдарының жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүргізуді бастады.

Жалпы, компания  6 миллион теңге шамасында шығын келтірген.

Қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешмет  елге жеткен туристердің  соманы қайтару туралы арыз түскенін жеткізді

 Қуандық Ешмет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы: 

9-шілде күні Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотына судья Ғалымжанованың өндірісіне талапкер Татьяна Бусыгинаның атынан жауапкер туристік компания «Гүлнәр Тур» компаниясы міндеттемелерін орындамаулары себепті соманы қайтару жөніндегі арыз келіп түсті. Өндіріске келіп түскен іс қазір зерделеу сатысында. 

Даурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу