Биылғы жылдың 6 айында Астана қаласында көпқабатты үйлердің терезесінен 10 бала құлап, оның 2-еуі қаза тапты.
9-шілде күні ересектердің қарауынсыз қалған 6 жасар қыз 6-шы қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді.
Қазір жағдайы өте ауыр. Осындай жағдайлар соңғы уақытта жиілеп кетті.
Мұны Ішкі істер департаментінің өкілдері растап отыр.
Мамандардың айтуынша, балаларды үйде жалғыз қалдырмаған абзал.
Сондай-ақ, терезені жауып жүру керек. Ал, терезеде орналасқан тор құлаудан қорғамайды.
Оның бекітілуі салмаққа арналмаған. Сондықтан, терезеге арнайы қорғаныс орнатқан жөн.
Госман Жакин, Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Көпқабатты үйлерге терезе орнататын фирма қызметкерлері үй иелеріне және балаларға терезеге орнатқан тор туралы ақпарат беруі тиіс. Оның қауіпті екенін және итергенде түсіп қалатынын айту керек. Қазіргі болған оқиғалардың бірден-бір себебі - сол торлар. Сондықтан, арнайы қорғаныс құралын орнату қажет.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ