«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенттеріне барынша жақын бола түсу үшін жуырда ішкі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді автоматтандырды.
Банк 1-шілдеден бастап, депозит ашу мен несие алу уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа қызмет жүйесін іске қосты.
Қаржы институты бөлімшелерінің Алматы және Астана қалаларындағы операциялық залдарында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдері ашылды.
Банк алдағы уақытта клиенттердің уақытын үнемдеу үшін қашықтықтан қызмет көрсететін, операцияларды электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін жүйені құруды жоспарлауда.
Ескендір Қалыбеков, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Алматы филиалы директорының орынбасары:
Қазіргі уақытта клиент банкке кіргеннен кейін бүкіл жұмыстарын осы банктен шықпай бітіреді. Өйткені, нотариус та, Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшесі де банкте орналасқан.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ