Арал теңізін қалпына келтірудің екінші кезеңі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал теңізін қалпына келтірудің екінші кезеңі басталады

11.07.2014
Арал теңізін қалпына келтірудің екінші кезеңі басталады

Арал теңізінің айдыны суға толып, толқын жағаға ұратын күн алыс емес. Жуырда теңізді қалпына келтіру үшін қолға алынған «САРАТС» жобасының екінші кезеңі басталады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен алқалы жиында мәлім болды.

Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу жобасының екінші кезеңіне 22 миллиард теңге жұмсалмақ. Жобаны толықтай жүзеге асыру алдағы бес жыл ішінде жүргізіледі.

Осылайша, экологиялық апат аймағындағы ахуал оңалып,  тұрғындардың тұрмысы түзеледі.  Ғасыр жобасының екінші кезеңін жүзеге асыруға қатысты барлық құжат жыл соңына дейін әзірленеді. Ал, құрылыс жұмыстары келер жылы басталады.  

Сародж  Кумар  Джа, Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры:

Жобаның екінші кезеңін қаржыландыруға дайынбыз. Айта кетейік, Дүниежүзілік банк барынша  тиянақтылықты  талап етеді. Сондықтан, су ресурстарын барынша тиімді қолдануға, сауықтыру жұмыстарында бар мүмкіндікті пайдалануға  тырысу керек. Сонда  облыс халқының тұрмыс-тіршілігі жақсарады.    

 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу