Зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды

11.07.2014
Зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды

Оралдық зейнеткер алаяқтардың арбауына ілігіп, 1 миллион теңгесінен айырылды. Қала тұрғыны айлап жинаған ақшасын құқық сақшысы болып телефон шалған адамға бере салған. Ол қарияға баласының есірткімен ұсталғанын және қаржы берсе көмектесетінін жеткізіпті.

Алайда, алданғанын зейнеткер баласы үйге келгенде ғана біліпті. Дереу полицияға хабарласқан. Жалпы облыста телефон алаяқтығы толастамай тұр. Былтыр дәл осындай қылмыстық әрекеттің 90-ы, биыл 20 фактісі тіркелген.

Асылай Ғұбашева, облыстық ІІД баспасөз қызметкері  

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бұл кәсіппен айналысып жүрген А. және М. есімді 23 жастағы екі азамат анықталып, қолға түсті. Қазіргі таңда дәлелдемелік базаның бекітуі бойынша жедел тергеу іс шаралары жүргізілуде.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу