Астанаға келген қонақтардың қарасы мол
Жаз басталысымен Астанаға ағылатын туристердің саны артады. Қонақтардың дені «Бәйтеректі», енді бірі - «Хан Шатырды» көруге келеді. Статистикаға жүгінсек, бір ғана «Бәйтеректің» өзі тек қана жаз мезгілінде 550 мыңға жуық туристі қабылдайды.
«Бәйтерек», «Хан-Шатыр», «Думан». Бұл бас қаланың қонақтары міндетті түрде баратын үш жер. Бәйтерекке келгендер ғимараттың төбесіне көтеріледі, Елбасының алақаны тұрған жерге қолдарын қояды, арман-тілектерін айтады.
Рита Оразова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
Ұлым «Бәйтерекке» шығып, арманымды айтамын. Ұшқыш болғым келеді», деді. Соны орындау үшін «Бәйтерекке» мініп, қолымызды қойып шықтық.
Бүгін де, армандарымды айтамын деп алып монументке келгендердің қарасы қалың болды. Басшылықтың айтуынша, мұнда жылына 1 миллионға жуық турист келіп кетеді.
Оның жартысынан астамы жаз мезгілінде келсе, тек қала күні қарсаңында 200 мыңнан астам қонақ «Бәйтеректі» тамашалайды екен. Ғимаратқа қызығушылық танытқан қонақтардың сұрақтары да әр-алуан.
Индира Іздібаева, «Бәйтерек» монументінің гиді:
Биіктігін сұрайды келгендердің көбі. «Бәйтеректің» биіктігі қанша»,-дейді. Сосын алақанды сұрайды. Композицияларды сұрайды. «Бәрімізді неге бірден кіргізбейсіңдер»,- дейді.
Астананың туған күнін атап өту үшін арнайы келген қонақтардың бірі - Күзембаевтар отбасы. Сонау, Сарыағаштан келіпті. Гүлбаршын бүгін балаларына Думанды көрсетті. Алып ойын сауық-орталығы, әсіресе, қос кішкентай қызының көңілінен шыққанға ұқсайды.
Ұлбосын Күзембаева, Сарыағаш қаласының тұрғыны:
Маған «Думан» ұнады. Думандағы аквариумдегі балықтар өте қатты ұнады. «Бәйтерек» ұнады. Қол қойған жері. Мен қолымды қойғанда Астанада тұрсам деп тіледім.
«Бәйтеректі» көрісімен, халық «Хан-Шатырға» ағылады. Осы жолы да дәл солай болды. Қала күніне дейінгі қарбалас, қала күнінен кейін де толастар емес. Бәрі бір күнде он мың адамды қабылдайтын ойын-сауық орталығына кіргісі келеді, көргісі келеді.
Асылбек Сүйінбаев, Өзбекстан азаматы:
Мен Өзбекстаннан келдім. Астананың 16 жылдық мейрамына арнайы келдім. Айналып шықтым тамаша. Барлық жері күшті. «Хан-Шатырға» да бардым. Ойыншықтар, түрлі дүкендер көп екен. Тазалығы ұнады.
Осылайша, Астананың қай нысанын алмаңыз қонақтардың ол туралы өз айтары бар. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз бас қалаға бірінші рет келгендер. Әйткенмен, олар Астанаға бір көргеннен ғашық, ал қайта көруге асық екендіктерін жасырмады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы