«Астана-заң» құқықтық порталы іске қосылды. Бұл - құқық қорғау, сот және мемлекеттік органдардың, нотариалдық палата, бағалаушылар мен адвокаттар алқасы басшыларының блогтарына кіруге мүмкіндік беретін Қазақстандағы алғашқы портал.
Енді еліміздің кез келген тұрғыны мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат және құқықтық негіздегі сұрақтарына жауап алып, онлайн арқылы мамандардың кеңесіне жүгіне алады.
Жанар Сәрсенбаева, ҚР Әділет министрлігінің бас сарапшысы:
Халық бүкіл сайттарды шарламай, бір интернет порталдан өздерін қызықтырған барлық мәліметті ала алады. Айтып кететін болсақ, ол – интерактивті карта. Бұл айдар арқылы Астанадағы нотариус, адвокат және бағалаушылардың барлық мәліметтерін, тіпті телефон нөмірлерін де алуға болады. Сол кісілермен хабарласып, өз мәселелерін шешуге мүмкіндік бар.
Досымжан ЕРМҰРАТ