Жем зауыты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жем зауыты іске қосылды

09.07.2014
Жем зауыты іске қосылды

Ақмола облысы Станционный ауылында мал азығын дайындайтын зауыт іске қосылды. Бұл - өңірдегі «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржыландыруымен салынған   екінші нысан.

Жем зауыты Қазақстанмен 2008-ші жылдан бері серіктес неміс компаниясының бір бөлігі. Бұрын сырттан әкелінетін өнімдер енді жылына 40 мың тонна азық дайындайтын осы зауытта шығарылатын болды. Жоба құны 1 миллиард теңгеден асып отыр.

Айта кетейік, кәсіпорындағы барлық жұмыс процесі екі-ақ адамның қатысуымен атқарылады. Яғни, өндіріс толықтай автоматтандырылған заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта кәсіпорында қоймалар мен элеватор салу қолға алынбақшы. Одан басқа да жоспарлар көп.

Сергей Миленко,  жем зауытының директоры:

Біз қазір азық сақтайтын орындарды көздеп отырмыз. Сөрелерді де үлкейтеміз. Одан соң мал азығын қаптайтын құрылғы орнатамыз. Себебі өнімдерді алысқа жіберген кезде оның қапталғаны дұрыс.

Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу