
Қарағандыда осыдан бірнеше ай бұрын сот отырысында судьяны шыбын ұрғышпен төпелеген адвокаттың ісі қаралуда.
Айыпталушы Евгений Танков өзінің өрескел қылығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Заңгер бұдан бұрын да бірнеше сот отырыстарында дөрекілік көрсетуімен атышулы еді. Бұл жолы судья Алшынбековтің ар-намысын таптап, шыбын ұрғыштың астына алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Жәбір көруші «Жеке басыма нұқсан келтіріп, денсаулығыма зақым тигізді», деп заңгердің үстінен полицияға шағым түсірген.
Евгений Танков, айыпталушы:
Менің әрекетім ҚР Қылмыстық Кодексіндегі 342-бапқа сәйкес судьяның жеке басына нұқсан келтірді, дегенге ғана саяды. Ал, денсаулығына ешқандай зиян тигізген жоқпын. Сондықтан, маған сот шешімі осы 342-бап бойынша шығарылуы керек.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
