Жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасы талқыланды

08.07.2014
Жемқорлыққа қарсы бағдарлама жобасы талқыланды

Бұдан былай қарамағындағы бір қызметкер пара алып, істі болса, басшы қызметінен қуылады. Мұндай жаңалық «Нұр Отан» партиясының бүгінгі жиынында айтылды.

Осы басқосуда партия  «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бағдарламасының жобасын таныстырды.

Құжат сыбайлас жемқорлықтың көрінісімен емес, оны туғызатын себеп, жағдайлармен күреспек.

Заңнама  қоғамда жемқорлықтың кез келген сипатына төзбейтін мәдениет қалыптастыруды көздейді.

Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін, әуелі әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, отандық заңнаманы жетілдіру қажет»,  дейді «нұротандықтар».

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Тұңғыш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін мемлекетпен қатар, қоғам мен әрбір азаматтың жауапкершілігі айтылып отыр. Ұсынылып отырған құжаттың басты мақсаты - нәтижесінде  мемлекеттілігіміздің үш тұғыры, алдымен, азаматтарға тиімді қызмет ететін мемлекет, жауапты азаматтық қоғам және экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші және азаматтық қоғамның тірегі – мықты бизнес. Осы үшеуінің жауапты әрі Заң жүзіндегі қарым-қатынасы салтанат құратындай жағдайға жету.

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу