Басты Жаңалықтар Ақсу қаласының орталық көшесі Астана деп аталады

Ақсу қаласының орталық көшесі Астана деп аталады

Ақсу қаласының орталық көшесі Астана  деп аталады

Біз ырымшыл халықпыз. Әсіресе, қай нәрсеге болсын, ат қойғанда, жан-дүниеміз жақсылық атаулыға бейім тұрады.

Павлодар облысы Ақсу қаласының орталық көшесінің Астана  деп өзгертілуі - соның нақты мысалы.

Мұнда шағын қалаларды дамыту бағдарламасы қабылданып, көшенің инфрақұрылымы жаңартылды. Жаңа ғимараттар бой көтерді.

2008 жылдың шілде айы. Астананың туған күні. Бұл -ақсулық тұрғындар үшін ұмытылмас күн. Әсіресе, осы шаһардан шыққан тұңғыш кино маманы Яков Коновалов жыр қылып айтады.

Ол - көше атын өзгертуге қатысты құрылған белсенді топтың атынан Президентке хат жолдаушылардың бірі.

Яков Коновалов, Астана көшесінің тұрғыны:

Бұл көше бастапқыда Бейбітшілік деп аталатын. Айтса айтқандай, адамдарымыз тату, бір-бірімізбен туысқандай болып кеттік. Бірақ, көпшілік бірауыздан Астана, деп өзгертуді қалады. Мұның сыртында Елордамыз сияқты өркендесек, деген тілек болатын.

6 жылдың ішінде Ақсу қаласы адам танымастай болып өзгерді. Әсіресе, шағын қалаларды дамыту бағдарламасы қабылданғаннан бері  шырайлы шаһарға айналды.

Залмұқан Арынов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Біз Ардагерлер үйі  Астана көшесінде орналасқанына қуаныштымыз. Әрине, бұл - жалғыз менің қуанышым емес, елдің қуанышы. Ол Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған мақсаттарының әрі қарай толыға түсуінің дәлелі.

Гүлнәз Салтанова - Астана қаласының құрдасы. Енді бірер жылда білім іздеп, Астанаға баруды армандайды.

Гүлнәз Салтанова, Астана көшесінің тұрғыны:

Астана қаласын  қазақтың мерейі, берекесі, деп білемін. Елордамыз қалай көркейіп, гүлденсе, біздің де Акөшеміз күн санап, әсем келбетке енуде.

Осы көшеде «Астанаға лайық бірден-бір мекен - Ақмола облысы», деп ойын ойып тұрып айтқан Қаныш Сәтбаевқа да ескерткіш қойылды. Жақсылық пен жайсаңдық Астана атауымен астасып жатыр.

Болат АМАНБАЕВ

Бөлісу